428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Экспедиция-25» жобасының мүшелері СҚО-ға жетті

  • 664

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Экспедиция-25» жобасының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына жетті.

Астанадан аттанған саяхатшылар Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында болып, енді астықты аймақты аралайды. Олар ең алдымен Айыртау ауданындағы Шалқар, Имантау көлдеріне барып, өңірдің ішкі туризм саласымен танысты. Сонымен қатар Петропавл қаласының тарихи орындары да назардан тыс қалған жоқ. Ел аралап жүрген топтың мақсаты – Қазақстанның көрікті жерлерін насихаттау.

Айта кеткен жөн, экпедиция мүшелері 108 күн бойы жол талғамайтын көліктермен ел аумағы бойынша 25 мың шақырым жерді бағындырады.

Мәдина Жандарбекова, «Экспедиция-25» жобасының үйлестірушісі:

- Айыртау ауданы бізге Шалқар , Имантау көлімен қатты әсерін тигізді. Біз әрине, Имантау секілді көрікті жерлер туралы естіп, біріншіден, сол жерлерге барып келдік. Біздің жоспарымызға Павлодар облысы, ШҚО қазір кіріп жатыр. Үшінші кезеңіміз БҚО-да жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы