418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мотокросстан жарыс өтті

  • 560

Ақтөбеде мотокросстан жарыс өтті. Қазақстан чемпионатының 4-ші кезеңі ойынына еліміздің 8 өңірінен жүздеген спортшы қатысты. Сонымен бірге көршілес Ресейдің бірнеше облысынан да қонақтар келді. Жарыста бақ сынасқандардың ең жасы бестен енді асса, ең егдесі алпысты алқымдаған азамат. Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Жалпы, спорттың осы түрі облыста жақсы дамыған. Арнайы дайындалатын орындар қажетті техникамен толық жабдықталған.

Евгения Нестерова, жарысқа қатысушы:

- Мотокросспен қыздар да айналысуға болады. Мен көптен бері осы спорт түрімен айналысып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Мықты, жігерлі, еңбекқор болуға тәрбиелейді. Осындай жарыстардан қалмаймын, қатысып, бақ сынаймын.

Хабар 24 телеарнасы