418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай велошеру ұйымдастырылды

  • 814

Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ерекше велошеру өтті. Шараға 70-ке жуық адам қатысты. Оның тең жарымы сот қызметкерлері. Велосипедке жастармен қатар жасы 50-ді еңсерген кәсіби аға буын өкілдері прокурорлар мен депутаттар да отырды. Дәстүрлі шеруге қатысушылар Шымкенттен Түркістан қаласына дейін 180 шақырым жол жүріп өтті. Облыстық соттың, ұйытқы болуымен өткен «Тәуелсіздік бақыт, Мәңгілік ел мұрат, Әділ сот – мақсат» атты велошеруге қатысушылар ұлы даланы мекендеген рухы биік елдің бірлігін дәріптеді. Рухани астанаға бет түзеген велошерушілер жол бойындағы ауылдарға аялдап, жергілікті тұрғындарға ұлы құндылық Тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндірді.

Нұрсерік Шәріпов, Облыстық соттың төрағасы:

- Еліміздегі ең құнды дүние, бақытымызТәуелсіздігіміз. Егеменді ел болып, алпауыт елдермен тереземізді теңестіріп, әлемге танымал болдық. Ол Елбасының салиқалы саясатының арқасында. Осындай міне халықтың қолдауының арқасында. Сондықтан халықты ауызбіршілікке, тірлікке, достыққа-бақытқа шақыра отырымыз. Біз тек қана спортты, салауатты өмір салтын насихаттау емес, осы тарихи орындарымыз бен құнды жерлерімізді көрсетіп, оны да насихаттап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы