418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде республикалық театрлар фестивалі басталды

  • 1036

Ақтөбеде XXIV республикалық театрлар фестивалі басталды. Биылғы фестиваль Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Бес күн бойы жалғасатын шарада еліміздің әр өңірінен келген 8 театр ұжымы өнер көрсетеді. Шығарма мен тақырыпты таңдауда шектеу қойылмаған. Драматургия классиктері Шекспир, Чехов, Гоголь мен Айтматовтың туындылары сахналанады. Мысалы, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театр Гогольдің «Үйлену» комедиясын қазақ тілінде қояды. Дәстүрге айналған фестивалдің мақсаты - театр өнерін насихаттап, дарынды актерлер мен режиссерлерді ынталандыру, әрі ұлы жазушылардың еңбектерін жастарға таныстырады.

Нұрлыбек Жұбатқан, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры:

- Бұл жан-жақтан келген драма театрлардың шығармашылықпен, тәжірбиемен алмасуы. Яғни, қазір театрда жаңалық көп. Театрлардың жиі-жиі Ақтөбе қаласында тоғысуы бұл біздің театр әртістерінің, өнер шеберлерінің, режиссерлерінің шығармашылық өсуіне, ізденуіне үлкен себеп болады

Хабар 24 телеарнасы