386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» байқауы өтті

  • 877

Өзге ұлт өкілдері ұлы Абай шығармаларын жатқа оқып жарысты. Астанада дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы бастау алды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Тілі мен ділі бөлек болса да, Хәкім Абайдың шығармаларын жатқа оқыған өрендер осылайша мемлекеттік тілге, қазақтың әдебиеті мен бай мәдениетіне деген зор ықыластарын танытты. Қатысушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін құр жаттап қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Қонысбай Әбіл, ақын:

- Әрине, оның ішінде өзі басқа ұлт болғаннан кейін ала-құласы болуы мүмкін, бірақ ниеттің түзулігі, осындай ықыластың жылдан-жылға артуы – біздің фестиваліміздің ғана табысы емес, біздің қазақ тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің табысы.

Хабар 24 телеарнасы