Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Жібек жолындағы жүздесулер» тарихи-танымдық сапары басталды

  • 717

«Жібек жолындағы жүздесулер» атты халықаралық тарихи-танымдық сапар басталды. Алматыдағы Достық үйінен жолға шыққан экспедиция құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, белгілі тарихшы-ғалымдар мен мәдениеттанушылар бар. Бұл жоба биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Сапарға Батыс Еуропа елдері, Жапония мен Қытай мамандары да қатысады. Олар Жетісу өңіріндегі бірқатар тарихи жерді аралап, жалпы мәдени әрі тарихи құндылықтарды сақтау мәселесі төңірегінде пікір алмасады.

Мұрат Әуезов, Мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым:

- Шешілмейтін мәселе жоқ. Оған тек қана ынта керек. Ниетің дұрыс болса, барлық сұрақтарға жауап табуға болады. Осы жолы да сол үмітпен қасиетті жер жәннаты - Жетісуға бара жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы