Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Жібек жолындағы сұхбат» жобасы Жетісу жерінде жалғасты

  • 1236

«Жібек жолындағы жүздесулер – «Орталық Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі». Осындай тақырыппен Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған жобасы Жетісу жерінде жалғасты. Бұл – жылда өтетін шара. Биылғы іс-шара Кербұлақ ауданындағы тарихи орындардан басталды. Топ мүшелері Шоқан Уәлиханов мемориалдық мұражайында болды. Негізгі алқалы жиын Талдықорғандағы Тіл сарайында өтті. Оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Голландия, Қытай елдерінен келген сарапшылар мен белгілі ғалымдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Халықаралық мәдениеттану жобасына биыл 10 жыл толып отыр. «Осы уақыт аралығында ол Жібек жолы бойындағы елдердің достық байланыстарын нығайтуға, тарихи құндылықтарды сақтауға және мәдениетаралық диалогты дамытуға едәуір ықпал жасады», - дейді жиынға қатысушылар.

Әміржан Әлпейісов, Л.Н.Гумилёв атындағы еуразия ұлттық университетінің профессоры:

- Жер жәннаты – Жетісуда өтіп отырған бұл сұхбатымыздың ерекшелігі сонда, бұл – Жібек жолының үсті, көне Жібек жолы. Бұл ұлыларды дүниеге әкелген, батыс пен шығысты байланыстырған. Қазіргі таңдағы батыс Қытай-Батыс Еуропа байланысы да осы көне Жібек жолымен жалғаспақшы.

Марико Цунокаке, Қазақстандағы Жапония Елшілігінің қызметкері:

- Осы сұхбат арнайы мәдениеттану, яғни Орта Азия аймағындағы мәдениет, адамдардың әртүрлі қоғамын көрсету үшін арнайы құрылып тұр. 10 жылдық сұхбат. Өте маңызды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы