429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылығына арналған фестиваль өтті

  • 1139

Петропавл қаласында «Мейірімділік пен түсіністікке жол ашық» атты мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылығына арналған фестиваль өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени шараға облыс бойынша 300-ден астам адам қатысты. Өнерпаздардың ең жасы 5-те болса, ең үлкені 60-ты алқымдаған ақсақал. Қазылар алқасы вокал, хореография, көркем сөз, аспапты және декоративті-қолданбалы шығармашылығы аталымдары бойынша үздіктерді анықтады. Олар сахна төрінде ән айтып, би билеп қана қоймай, қолөнер бұйымдарын да көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге ағаш, мата, қағаз, моншақ, тіпті дәнді-дақылдан жасалған туындылар да қойылды. «Осындай шаралар кембағал жандардың қарым-қабілетін арттырып, шығармашылығын шыңдай түседі», - дейді ұйымдастырушылар.

Таңат Бейсенбаев, облыстық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы:

- Олар да өмірде ән айта білетіндерін, би билейтіндігін, халық алдында, жұрт алдында өздерін мойындатқызып, олардың өмір ағымынан кенде емес екендігін дәлелдеу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара. Мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен бір сүйеу болады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы