429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Шығыс Қазақстанның кітап көрмесі өтіп жатыр

  • 1925

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Шығыс Қазақстан облысының кітап көрмесі өтіп жатыр.

Онда өңірдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Абай, Шәкәрім сынды ұлы ақындардың еңбектері қойылған. Сондай-ақ, аймақ кәсіпорындарының өнімдері де көпшілік назарына ұсынылған. Келушілер аймақтың экономикалық және бизнестегі мүмкіндіктері, өлкенің көрікті жерлері жөнінде мағлұматтармен таныса алады. Айта кетейік, биыл Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына орай кітапханашылар оның есімімен байланысты 1200 еңбекті жинақтап, оқырмандарға ұсынып отыр. 

Гүлмира Аязбаева, ШҚО Абай атындағы кітапхана директорының орынбасары

- Бүгін біз шығыс өңіріндегі қос халықтың атымен аталып отырған Өскемен қаласындағы Пушкин атындағы кітапхана мен Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхананы, өзіміздің кең көлемді кітап көрмесін әкеп отырмыз. «Шығыс Қазақстан тәуелсіздік белестері» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз Шығыс Қазақстан өңіріндегі танымал тұлғаларды, ғажайып табиғатын, ондағы бүгінде еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып отырған, қарыштап дамып келе жатқан ел экономикасын осы астаналық оқырман қауымға көрсету.

Хабар 24 телеарнасы