389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде Абай оқулары өтті

  • 937

Қытай астанасы Бейжіңде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Абай оқулары өтті.

Осымен екінші рет ұйымдастырылған шараға шетелдік дипломатия өкілдері, жергілікті қазақ диаспорасы мен қазақстандық студенттер жиналды. Шара Бейжіңдегі Чаоян саябағында орналасқан ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетумен басталды. Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев Абай шығармашылығына тоқталып, оның қазақ философиясы мен әдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесін сөз етті.

Соңғы жылдары Бейжіңде «Абай оқуларын» өткізу тамаша дәстүрге айналып отыр. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы әрі ойшыл ғана емес, ол Қазақстанның шетелдегі халықтық дипломатиялық нышаны десек те болады деп атап өтті. Жалпы Абай шығармалары қытайлық оқырмандарға да етене таныс. Кеште ақылдың кені атанған ақынның қара сөздері мен өлеңдері оқылып, әсем әндері шырқалды.

Мұхтар Әбілхақ, Бейжің Ұлттар университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры:

- Әсіресе мына Қытайдың астанасы Бейжіңдегі Қазақстан студенттерінің осындай Абай өлеңдерін осылай нақышына келтіріп оқуы маған өте үлкен әсер қалдырды. Осыны жаттау арқылы, өзгелерге үгіттеу арқылы Абайдың адамгершілік мұраттарын өзгелерге жеткізе білді. Меніңше, біздің ұрпақтарымыз осылай Абайды жаттап өссе, ақын мәңгі жасайды.

Сергей Манасарян, Армения Республикасының ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі:

- Абай шығармалары қытайша өте жақсы аударылған. Біз бүгін саханада Абай поэзиясы мен елінің тарихын өте жақсы білетін қазақстандық студенттері көрдік. Бұл өте жақсы әсер қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы