387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» агенттігі «Намыс» төсбелгісімен марапатталды

  • 811

Алматыда Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Егемен елдің еркін баспасөзі: өткені, бүгіні, ертеңі» атты конференция өтті.

Шараны «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы мен «Ұлт болмысы» әдеби танымдық журналы ұйымдастырды. Оған, әр салада еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан тұлғалар шақырылған. Жиынның мақсаты - бүгінде халықтың мақтанышына айналған азаматтардың ісін елге үлгі ету және өскелең ұрпақты Отан сүюге баулу. Тәуелсіздік жаршысы болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарына Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісі мен «Батыр шапағаты» медалі табыс етілді. Үздіктер арасында біздің «Хабар» агенттігі де бар.

Гүлжанар Амантайқызы, «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы:

- Жалпы патриоттық істеп жатқан істеріміздің барлығы біз жастарға отансүйгіштік және патриоттық тәрбие негізінде жасап жатырмыз деп нақты айта аламыз. Өйткені «Ұлт болмысы» журналы мысалы өзінің санын ұлттық тұлғалардың өміріне арнайды. Яғни тұлғатану сериясы бойынша. Ал бүгінгі күні өте белсенді жұмыс жасап жатқан ұлт тұлғаларын біз жастарға үлгі ретінде көрсету үшін сол кісілерді шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы