420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген

  • 811

Қырман толы астық, тонналаған алтын, жүздеген ауыл шаруашылығы техникалары.

Мұның бәрі Ақмола облысында өндірілген өнімдер. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі барлық сала бойынша өсім байқалады. Тәуелсіздік жылдарында өңірдің жалпы ішкі өнімі 11, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 10 есе өсіп отыр. Ширек ғасырлық кезеңде мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 3 есеге азайды.

Егемендіктің 25 жылдық тойы қарсаңында өңір шаруалары 6 млн тоннадай астық жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Жалпы тәуелсіздік жылдарында ел қамбасына 100 млн тоннадан астам бидай құйылды. Биыл сондай-ақ картоптың да шығымы жақсы. Агроөнімдер қазіргі таңда Астананың азық-түлік белдеуін толық қамтып, артылғаны көрші мемлекеттерге сатылып жатыр. Айта кетсек, облыстың ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы ішкі өнім көлемі 300 млрд теңгені құрап, 2001 жылғы деңгейден 4 есеге өскен.

Сергей Кулагин, облыс әкімі:

- 25 жылдың ішінде облыстың жалпы ішкі өнім көлемі 11 есеге өсіп, 11,2 трлн-ға жетті. Бұл жылы да 5,7 млн тонна астық жинадық. Менің ойымша, 25 жылдағы бұл екінші көрсеткіш. 2,5 млн тонна астықты өткізіп үлгердік. Сонымен қатар 27 мың бас түлікті бір мезетте бордақылайтын 31 алаң аштық. Біздің агроөнімдерді Санкт-Петербургте, сондай-ақ Мәскеуде де кездестіруге болады.

Ақмола облысы аграрлық аймақтан өнеркәсібі өркендеген өңірге айналды. Аймақта сирек кездесетін металдар, құрылыс тастары шығарылады. Индустриалды-инновациялық 70 жоба сәтті жүзеге асырылды. Көш басында алтын өндірушілер. Республикалық жалпы көлемнің 35% өткен жылы 20 тонна саф алтын өндірген кеншілер үлесінде. Зеренді ауданындағы кен байыту фабрикасында 2 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы кәсіпорын қазынаға 15 млрд теңге салық түсімдерін құюды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, комбинат кенішті игеру мерзімін 20 жылға созды.

Павел Трищ, алтын өндіруші кәсіпорын жүргізушісі:

- Егер маған осыдан 20 жыл бұрын осы жерден жылына 12 тонна алтын шығады десе, мен миығымнан күлер едім. Бірақ өздеріңіз көргендей, міне, 12 тонна жоғары санаттағы алтын өндіріп отырмыз. Әрі қарай да Қазақстанның гүлденуіне үлес қосып жүре береміз деген сенімдемін. 

Ақмолалықтардың өмір сүру ұзақтығы 7 жылға ұзарды. Ширек ғасырда облыс бойынша 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй берілді. Ең алдымен жетім және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды.

Аягөз Тақтаболатова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Біз осы бағдарламаға көп рақмет айтамыз. Осы үйде 45 пәтер бар. Барлығы жас отбасылар. Бәрімізде бірнеше баладан бар. Нағыз жас отбасыларға көмектеседі.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Сауле Кусаинова, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы