380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертең «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шығады

  • 559

Ертең «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шығады. 43 күннің ішінде пойыз 35 елді мекенді араламақ.

Бұл жөнінде бүгін орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде айтылды. Қазақстан Халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін республикалық акция мақсаты тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді халықпен бөлісу, шалғайдағы ағайынның рухын көтеріп, қазақстандықтарды мазалаған мәселелерге ортақтасу. Мәжіліс депутаттары, түрлі құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер мінген пойыз, аялдаған станцияларда дәрігерлік, қоғамдық қабылдаулар, консультациялық кеңестер және түрлі қайырымдылық шараларын өткізуді көздейді

Руслан Барбасов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы басқармасының басшысы:

- Биылғы тәуелсіз пойыздың құрамында 270 адам бар. Әр министрліктен, мемлекеттік органдардың өкілдері арнаулы уақыт ішінде осы акцияға қатысады. Әлеуметтік құқықтық медициналық көмек көрсетіледі. 26 жоғары дәрежелі дәрігерлер аялдама жасаған станцияларда медициналық кеңестер беріп, өз жұмыстарын атқарады.

Хабар 24 телеарнасы