420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

  • 806

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын Павлодардың 132 отбасы жаңа баспанада қарсы алады.

«Сарыарқа» шағынауданында бой көтерген 12 қабатты үйге «Алюминстрой» ауданындағы апатты үйлердің тұрғындар қоныстанып жатыр. Бұл – жаңадан салынып жатқан ықшамаудандағы халық игілігіне берілген үшінші үй.

Жаңа үйге кіріп жатқандардың көбі бұрынғы «Алюминстрой» ықшамауданының тұрғындары. Олар кезінде зауыт жұмысшыларына арнап салынған уақытша баспаналарда тұрды. Кейін мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа «Сарыарқа» ықшамауданы пайда болды. Тозығы жеткен үйлер сүріліп, орнына көпқабатты үйлер салынып жатыр. Жаңа ауданда берілген үш үйге мыңға жуық отбасы қоныстанды.

Болат Бақауов, облыс әкімі:

- Бұл үйдің құрылысы аяқталғанын ұзақ күттік. Бүгін, міне, көптен күткен баспанаға қол жеткізіп жатырсыздар. Бірінші қабатында техникалық мектеп орналасқан. Елбасы Павлодарға сапары барысында осы мектепке келген болатын. Үйдің құрылысына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. Қоныстарыңыз құтты болсын!

Екі бөлмелі пәтерге ие болғандардың бірі – Күзембаевтар әулеті. Олар қуанышты күнде-ақ дастархан жайып, үлкеннің батасын алуды жөн көрген.

Хауа Күзембаева, зейнеткер:

- Мынадай жаңа үйге көшіп келдік, қандай тамаша, кең сарай сияқты. Суы бар, жылуы бар. Тамаша, жарық. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына осындай бізге сыйлық жасап жатыр. Көп-көп рақметімді айтамын. Біздің Қазақстан көркейе берсін.

12 қабатты тұрғын үйде 132 пәтер бар. Оның 99-ы үш, 33-і екі бөлмелі. Жалпы ауданы 7041 шаршы метр. Өңір басшысының айтуынша, апатты деп танылған екіқабатты үйлердің орнына сәулетті ғимараттар салынады. Сондай-ақ, келер жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына енген «Достық» жаңа ықшамауданының құрылысы басталады. 

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Арман Якубов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы