384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өңірлерді аралап жүр

  • 515

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Семей қаласына аялдады.

Азаттықтың 25 жылдығына арнайы жасақталып, бірлік пен берекені ту еткен пойызды рухани-мәдени орда саналатын көне шаһар тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Құрамында 7 министрлік пен 3 ұлттық компания және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері бар әлеуметтік топ бірден қызмет көрсетуге кірісіп кетті. Астана және Алматы қалаларынан келген білікті дәрігерлер басы ауырып, балтыры сыздағандарды қабылдаса, заң, кәсіпкерлік, білім саласының мамандары жұртшылыққа жан-жақты кеңес берді. Ал Достық Үйінде «Мәңгілік Ел – Болашағы біртұтас ұлттың рухани негізі» тақырыбында жиын өтті.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі:

- Елбасымыздың тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған бұл пойыз, негізінен, әлеуметтік мәселелерді шешу, халыққа көмек көрсету мәселесінде ұйымдастырылды. Пойызда 271 адам бар, соның 72-сі дәрігерлер. Тек қана консультативтік кеңсе беріп қана қоймай, қажет болған жағдайда жолдама мәселесін, Алматы мен Астана қалаларындағы үлкен орталықтарда емделуге мүмкіншіліктер жасай алады. 

Хабар 24 телеарнасы