382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Ертіс өңіріне жетті

  • 530

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Ертіс өңірінде.

Халықпен жүздесіп, мазалаған мәселелерін шешуге жәрдемдесу үшін 271 білікті маман Павлодар қаласының түкпір-түкпірінде кеңес өткізді. Олардың қатарында жеті министрлік, үш ұлттық компания мен Алматы, Астанадағы медициналық орталықтың өкілдері бар. Жиналған халық зейнетақы, пәтер кезегіне тұру, сонымен қатар, жеке бизнесті дамытуға несие алу бойынша сұрақтарына жауап алды. Солардың бірі - зейнеткер Ұрқия Рахманова жылдар бойы пәтерін заңдастыра алмай жүр. Айта кеткен жөн, топ мұшелері қысқа мерзім ішінде 10 мыңнан астам адамды қабылдап, көмек көрсеткен.

Ұрқия Рахманова, Павлодар қаласының тұрғыны:

- 15 жыл бұрын сенімхат бойынша пәтер сатып алғанмын. Дегенмен, сенімхат берген азамат қайтыс болып, үйімді өз атыма рәсімдей алмай жүргенмін. Сондықтан білікті мамандардың көмегіне жүгіндім. Енді сотқа арыз жазуым керек екен. Мәселем бір айда шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы