422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер» байқауы өтті

  • 1199

«Тәуелсіздік. Әдебиет. Қаламгер» бүгін осындай атпен Қазақстан шығармашылық зиялыларының форумы өтіп, бес аталым бойынша онлайн-байқау қорытындысы жарияланды.

Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен қолға алынған шарада жүзден жүйрік шыққан ақын-жазушылар марапатталды. Оқырмандар бір апта бойы онлайн дауыс беріп, нәтижесінде «Үздік жазушы», «Үздік ақын», «Үздік балалар жазушысы», «Үздік балалар ақыны», «Үздік драматург» деген атпен 25 жүйрік анықталды. Қоғамның әлеуметтік белсенділігін арттырып, қазақстандық ақын-жазушылардың шығармаларын кейінгі буын арасында барынша насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мәдени іс-шарада «Үздік ақын» номинациясы бойынша Қасымхан Бегмановтың «Күреңбел» атты жыр жинағы үздік деп танылды.

Қасымхан Бегманов, ақын:

- Еңбегіңнің еленгенінен асқан бақыт жоқ. Ұлтқа еңбек етуден асқан бақыт жоқ. Бес күн тірлікте қазаққа еңбек етуді өзімнің алдыма мақсат-мұрат деп қойғанмын. Сондықтан қазаққа еңбек ету бақыт деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы