426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Солтүстік Қазақстан облысына жетті

  • 803

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы кеше түнде Солтүстік Қазақстан облысына жетті.

Жергілікті жұрт оларды теміржол аялдамасынан күтіп алды. Ғалымдар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, тарихшылар мен дәрігерлер тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, оларға құқықтық-медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесіп, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін әңгімеледі. Елбасының тапсырмасымен жолға шыққан арнайы топ бүгінге дейін 18 мыңға жуық қазақстандықты қабылдап үлгерді. Енді олардың сапары Қостанай облысында жалғасады.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі:

- Пойызымыздың құрамында 7 министрліктің, 3 ұлттық компанияның білікті мамандары, өкілдері бар. Оның ішінде 271 адамның 72-і дәрігерлер болып есептеледі. Халықпенен кездесіп, сол халықтың қажет деген мәселелерін шешуге атсалысуда.

Хабар 24 телеарнасы