380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қостанайға жетті

  • 466

Қарашаның алғашқы күнінде Елордадан аттанған «Тәуелсіз Қазақстан пойызы» Қостанайға жетті.

Қырманы қызыл дәнге толған астықты аймақ астаналық меймандарды құшақ жая қарсы алды. 271 адамнан тұратын топ құрамында 7 министрліктің өкілдері бар. Өңір тұрғындары білікті мамандардан өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Айта кету керек, бас-аяғы 12 күнде 20 мыңдай адамға қызмет көрсетілген. Соның ішінде 4 мыңдай адам медициналық көмек алған. Қостанайда да 500-дей адам дәрігерлер қабылдауына жазылыпты. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолға шыққан пойыз одан әрі Арқалық қаласына жол тартады.

Мира Ахметова, Дәрігер-пульмонолог:

- Балалардың аурулары жиі кездесті. Әсіресе өкпе, бронхит ауруларының сирек кездесетін түрлері болды. Олардың бәріне Алматы қаласында ғылыми-зерттеу институтына бағдарлама беріп, жіберіп жатырмыз.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі:

- Әлеуметтік мәселелермен бірге халықпен кездесіп, дөңгелек үстел басында әңгімелесіп, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының негізін түйіндей түсіндіріп, сонымен бірге бірлік бар жерде тірлік бар дегендей, этно-мәдени орталық өкілдерімен кездесіп, достық, бірлік жөнінде әңгіме қозғап отырмын.

Хабар 24 телеарнасы