427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында Тәуелсіздік күніне арналған жетістіктер көрмесі өтіп жатыр

  • 1351

Жамбыл облысында Тәуелсіздік күніне арналған көшпелі көрме ашылды.

Онда өңірдің әр сала бойынша 25 жылда жеткен жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрініс тапқан. Игі шара көпұлтты Бурыл ауылынан басталды. Дәл осы елді мекенде 40 орындық жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Жергілікті тұрғындар айналасына 25 түп ағаш отырғызып, мерекелік акцияға қатысты. Ал жастар флешмоб өткізіп, кәсіпкерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына азық-түлік үлестірді.

Айта кету керек, жылжымалы көрме облыстың барлық аудандарында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін шалғай ауылдарды да қамтып, халықты облыстың жетістіктерімен таныстырмақ.

Сады Қуатбеков, Бурыл ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы:

- Көшпелі көрме болып жатыр. Бұл көшпелі көрмені әр ауылымызда 17 ұлт өкілі тұрады. Әр ұлт өкілдері өзінің жетістіктерін халыққа таныстырып, көрсетіп жатыр. Бұның өзі өте жақсы. Өйткені бұл халықтардың бірлігі, елдің бірлігі. Болашақ бірлікте деген осыдан басталады.

Хабар 24 телеарнасы