424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Көш және Көшбасшы» атты мерекелік концерт өтіп жатыр

  • 1021

Атажұртқа миллион қазақты қосқан 25 жыл!

Тәуелсіздік жылдары осыншама қандасымыз елге оралды. Дәл қазір Алматыдағы Студенттер сарайында «Көш және Көшбасшы» атты мерекелік концерт өтіп жатыр.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт орта тұсынан ауып қалды. Кештің шымылдығын еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев құттықтау сөзімен ашты. Концертте атажұртқа оралған қандастарымызбен бірге Қазақстанда туып-өскен әншілер де өнер көрсетіп жатыр. Тағы бір айта кететін жайт, концерт тегін ұйымдастырылған.

Аз-кем тарихқа көз жүгіртсек. Қазақстан егемендігін ала салып, ең алдымен қолға алынған мәселелердің бірі шетелдердегі қазақты елге әкелу болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хаты атажұртқа оралудың Ұлы көшіне жол ашты. Осы көшке серпін беру мақсатында Елбасы бастамасымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Содан бергі ширек ғасыр ішінде бір миллионнан астам қандасымыз оралып, атамекенде өсіп-өнді. Қазір олар қоғамның түрлі саласында қызмет етіп, ел дамуына үлес қосып отыр. Мерекелік концерт әлі жалғасуда. Әншілер кеш қонақтарын әлі де әсем әнге бөлемек.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы