384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы мұнайлы өлкеге жетті

  • 415

Осы айдың басында сапарға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» әлеуметтік пойызы Атырауға жетті.

Бұған дейін 7 облысты аралаған топтың құрамында 200-ден астам маман бар. Олардың басым бөлігі - медицина саласының қызметкерлері. Дәрігерлер бүгінге дейін 7 мыңдай адамды қабылдап, ауруы асқынған науқастарға Астана мен Алматыдағы медициналық мекемелерге жолдама берілді. Сонымен қатар көпшілік әлеуметтік мәселелер бойынша көкейіндегі сауалдарға жауап алды. Пойыз мүшелері сапар барысында 35 мың адаммен кездесіп, 4 мыңнан астам азаматты қабылдаған.

Вероника Ли, студент:

- Кішкентай бизнестен бастағым келеді. Қазақтың ою-өрнегін және тоқыма өнерін алға қарай дамытқым келеді. Сол бағытта кәсіп ашқым келеді. Алдағы мақсатымыз ең бастысы - осы. Бүгін өзіме қажетті ақыл-кеңестер алдым.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» әлеуметтік пойызының жетекшісі:

- Халық қазір жеке басының қамын ғана емес, жалпы керекті заңдарды айтып отыр. Мысалы «Саяжайлар туралы» заң не болмаса, жер мәселесі жөнінде көптеген мәселер бар. Осындай мәселер кеңінен шешіліп отыр. Жалпы елдің, халықтың көңіл күйі жақсы.

Хабар 24 телеарнасы