423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда «Алтын ұя» байқауы мәреге жетті

  • 1838

Оралда ұстаз отбасылары арасындағы «Алтын ұя» байқауы мәреге жетті.

Сайыс таныстыру және өнер көрсету, әулет дәстүрін бейнеролик арқылы баяндау, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фото және сурет көрмесі секілді 5 кезеңнен тұрды. «Отбасы бақытының кілті үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуде, сыйластық пен түсіністікте жатыр. Мақсат – соны кейінгі буынға ұғындыру», - дейді педагог мамандар. Байқауға қаланың 24 мектебінен 24 отбасы қатысты. Нәтижесінде Рамазановтар әулеті бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Гүлжауар Тоқабаева, Байқауға қатысушы:

- Отан отбасынан басталады демекші, осы Отанымыз әрдайым керегесі кең, шаңырағы биік болуы үшін осы отбасыларымыз әрдайым биік болсын деп тілейміз. Біздің отбасымыз өнерлі отбасылар қатарына жатады. Себебі жолдасым өнер жолында қызмет атқаратындықтан, қызымызды да, ұлымызды да осы өнер жолына баулып келе жатырмыз.

Сындар Дәуешева, қалалық білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері:

- Қалалық «Алтын ұя» байқауы бұл екі жылда бір өткізілетін байқау. Биылғы байқаудың ерекшелігі ата-аналар өте көп қатысты. Ең негізгі мақсаты мектеп пен ата-аналардың арасындағы байланысты нығайту және отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. 

Хабар 24 телеарнасы