432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жас дизайнерлер мен стилистер сынға түсті

  • 733
Павлодарда жас дизайнерлер мен стилистер сынға түсті фото: kupibonus.by

Павлодарда жас дизайнерлер мен стилистер сынға түсті.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сән кешіне Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйытқы болды. «Pavlodar Fashion Week 2016» сән көрсетіліміне жоғары оқу орындарымен кәсіби колледждердің студенттері қатысты. Тақырыпқа сәйкес киіммен шаш үлгілерінің көпшілігі ұлттық нақышты қамтыған және дизайнерлер сары, көк және ақ түстерді көбірек қолданыпты. Мерекеге қолөнер шеберлері де қатысты. Fashion көрсетілімі арқылы ұйымдастырушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас шеберлерге қолдау көрсетуді мақсат еткен.

Хабар 24 телеарнасы