425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанды халықаралық аренада көп мемлекет қолдайды

  • 1459

Соңғы 25 жылда Қазақстан сыртқы саясатта қандай жетістіктерге жетті?

Бір жәйт анық. Дүниежүзіндегі мемлекеттер ең алдымен қазақ елін жаһандық бейбітшілікке қосқан үлкен үлесін бағалайды. Тәуелсіздік жылдарында егемендігін нықтап, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін еселеген жас мемлекеттің халықаралық аренада өзін мойындата білгенін әлем мойындайды. Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Бұл – Қазақстандағы барлық мерекелердің ішіндегі ең мерейлісі, ең қадірлісі. Ұлы дала елін ұлық мерекесімен іргедегі үлкен көршіміз Қытай мемлекетінің саясаткерлері мен сарапшылары да құттықтап жатыр.

Әкбар Мәжит, Қытай халықтық саяси кеңесінің мүшесі, ҚХР жазушылар одағының мүшесі:

- Міне Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл болды. 25 жылда Қазақстан тәйтәйбасқан бала болса, бүгін міне пәрменді азамат болып отыр. Биыл БҰҰ тұрақсыз мүшесі болып сайланды. Бұған Таиландпен таласқа түсіп, басым дауыспен сайланып отыр. Бұл Қазақстанның халықарлық аренада саяси, экономикалық орнын куәлайды. Осы жерден қия салуға болады. Меніңше Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауында осындай бір бейбітшілік, төңірекке өте жағымды, жақсы көрші болып жетіліп отыр. Ендігі 25 жылда меніңше қазіргі «Нұрлы жол», 2050 жылғы бағдарлама осылардың бәрі іске асып, экономикасы ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу арманына жетеді деймін.

Бүгінгі таңда Қазақстан - тұрақтылық пен тыныштықтың құтты ордасы. Түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын бір шаңырақ астына жиып, бір атаның баласындай тату-тәтті күн кешкен еліміз дүниежүзіне үлгі болды. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа Президентіміздің жаһандық бастамалары арқылы кеңінен танымал.

Гюнтер Кнабе, сарапшы:

- Ең алдымен, қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, әр бастамаларыңызға табыс пен сәттілік тілеймін. Менің ойымша, ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту - Қазақстанның ең маңызды жетістігі. Қазақстан көшбасшысы «Әлем 21 ғасыр» манифестінде әлемдік державаларды жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуға және дереу барлық әскери жанжалдарды тоқтатуға шақырып отыр. Ал бүгінде Президенттің бұл бастамалары өте өзекті болып табылады.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы биыл бауырлас Түркия Республикасында да биыл кең көлемде аталып өтті. Ұлық мерекеге орай мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ауқымды алқалы жиындар мен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Осының аясында көпке белгілі белді сарапшылар Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктерін бағамдады.

Аккан Сувер, «Мармара» стратегиялық зерттеу орталығының төрағасы:

- Қазақ елінің Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен Түркі кеңесі, Түркі академиясы мен ТҮРКСОЙ сынды іргелі ұйымдар бой көтеріп, бүгінде халықтарымыздың игілігі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Тіпті, Қазақстан Президенті, түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта өршіген Түркия мен Ресей арасындағы дауға нүкте қойып, жанжалдасқан тараптарды қайта табыстырды. Сол арқылы бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүрудің керемет үлгісін көрсетті. Қазақстандық табыстың кілті, міне осы құндылыққа негізделген. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақ елінің тәуелсіздігі тұғырлы, елдігі баянды болсын!

Хабар 24 телеарнасы