429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы 25 ауылдың тұрғындары скринингтік тексеруден өтеді

  • 650

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының шалғайда жатқан 25 ауылының тұрғындары скринингтік тексеруден өтеді.

Cоңғы үлгідегі қондырғы, құрал-жабдықтармен жарақтандырылған 5 жылжымалы медициналық кешен Талдықорған қаласынан Көксу, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандары мен Қапшағай қаласына аттанып кетті. Олар бірнеше күн бойы алыстағы ауылдарды аралап, халыққа тегін қызмет көрсетеді. Жергілікті тұрғындар болса ультрадыбыстық зерттеу маманы мен тәжірибелі стоматолог, онколог, терапевт, кардиолог, хирургке көрініп, ем қабылдауға мүмкіндік алады. «Шараның мақсаты – тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізіп, ауру түрлерін ерте анықтау», - дейді мамандар.

Асхан Байдувалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ол 5 медициналық кешен 25 ауылдың тұрғындарына сапалы медициналық қызметін көрсетеді. Зерттеуін, ультрадыбыстық зерттеуін, зертханалық зерттеуін, одан кейін белгілі мамандардың кеңесін алып шығады. Оның барлығы біздің еліміздің, жұртымыздың денсаулығын арттыру үшін, жоғарылату үшін істелініп жатқан шара.

Хабар 24 телеарнасы