426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Мәңгілік ел» кітабы Петропавлда

  • 1083

«Менің елім – Мәңгілік Ел» жалпы республикалық патриоттық акциясы Петропавлда жалғасты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» кітабына солтүстікқазақстандық жастар да жетістіктерін жазды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, студенттер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Олар Қазақстанның ширек ғасырдағы толағай табыстарына тоқталып, қоғам құндылықтарын қаузады. Жетісу жерінен басталған шара Ақмола облысында жалғасады.

Максим Споткай, ҚХА жастар қанатының көшбасшысы:

- 1 желтоқсанда Президенттің қатысуымен үлкен форум болады Астанада. Сол форумда біз бұл кітапты Елбасымызға тікелей тапсырамыз. Сондықтан бұл кітапқа әрбір аймақтың жастары өзінің құттықтауларын, ой-пікірлерін Елбасымызға тікелей жазып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы