417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуелсіздік – асқақ арман мен қайсар рухтың жемісі

  • 764

Қазақ жастарының бойында күш-қуат та, жалын-жігер де жеткілікті.

Тек соны ел игілігіне жұмсай білу керек. Шымкентте өткен «Тәуелсіздік құрдастары» форумына жиналған белсенділер осындай үндеу тастады. Азаттықтың ақ таңы атқан шақта дүниеге келген арманшыл ұрпақ ширек ғасырда елмен бірге есейіп, ес жиды. Тіпті, алды отау құрып, шаңырақ иесі атанды. Елдің ертеңгі тұтқасын ұстар азаматтар Тәуелсіздік ұғымын терең түсінуге шақырды. Шараға жиналған 400-ге жуық делегат Елбасы жайлы түсірілген бейнебаянды тамашалап, өзара пікір алмасты. Қостанайлық Рүстем Бейшов экологиямен түбегейлі айналыса бастапты. Ол жанармай бекеттерінің маңын жасыл желекке айналдыруды жоспарлап отыр.

Рүстем Бейшов, форумға қатысушы: 

- Тәуелсіздік бізге 1 күнде келген жоқ және тәуелсіздік бізге 1 күнге келген жоқ деген. Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті алып берсе, ары қарай тәуелсіздікті алып қалу біздің қолымызда. Оның ішінде тәуелсіздіктің құрдасы ретінде менің қосатын үлесім басқалардан қарағанда ерекше болуы керек деп санаймын.

Сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдары қаржы саласында еңбек еткен ардагерлер жастармен кездесіп, төл теңгеміз туралы әңгіме өрбітті. Байырғы қаржыгерлер келтірген деректерге жүгінсек, 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті небәрі 4 млрд теңгенің төңірегінде болған екен. Қазір бұл көрсеткіш 600 млрд-ға жуықтаған. Оның 67%-ы әлеуметтік салаға бағытталған. Бюджеттік салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жалақысы 17 есеге көбейіпті. «Бұның барлығына экономикалық көрсеткіштің жоғарылауының арқасында қол жеткіздік», - дейді қаржыгерлер.

Хабар 24 телеарнасы