Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбелік судьялар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясындағы мақсат-міндеттерді талқылады

  • 908

Ақтөбелік судьялар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында айтылған мақсат-міндеттерін талқылады.

«Ширек ғасыр шежіресі өткен тарихты саралап, болашаққа жоспар құруға бағытталған», - дейді судьялар. Жиында ел егемендік алғалы сот билігінде болған оң өзгерістер назардан тыс қалмады. Оның ішінде 5 сатылы сот жүйесінен 3 сатылыға көшудің тиімділігі де сөз болды. Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шарада үздік сот қызметкерлері марапатталды. 7 судьяның еңбегі еленіп, алғыс хат табыс етілді.

Гүлнәр Әлімбаева, Облыстық соттың судьясы:

- Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгін біз құқықтық, әлеуметтік, бәсекелі мемлекет ретінде қалыптастық. Елбасымыздың қатысуымен өткізілген судьялардың VII съезінде жауаптылығы мен ауыртпалығы қатар жүретін қызметімізге ерекше көңіл бөлуі Елбасының сот жүйесіне деген қамқорлығының тағы бір айғағы деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы