412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық музейде Н.Назарбаевтың өмірінің әр сәті бейнеленген көрме ашылды

  • 1072
Ұлттық музейде Н.Назарбаевтың өмірінің әр сәті бейнеленген көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі және радиосымен бірлесіп ұйымдастырылған «Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде» атты көрменің салтанатты ашылуы болып өтті.

«Sputnik Қазақстан» елімізде 2016 жылғы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

«Sputnik Қазақстан» ондаған елде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады.

Sputnik фотоқорының көрмеге қойылған туындыларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінің әр сәті бейнеленген. Туындылар 1990-2016 жылдар аралығын қамтиды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды.

 

Хабар 24 телеарнасы