383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Таразға жетті

  • 407

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Таразға жетті.

Егемендіктің 25 жылдығында елді аралап, халыққа түрлі бағытта қызмет көрсетуге шыққан керуен құрамында 200-ге тарта білікті маман бар. Олар әулиеаталықтарға әртүрлі сала бойынша қажетті кеңестерін беріп, медициналық көмек көрсетті. Астанадан келген мамандарға қаралуға дертіне дауа іздеген ауылдағы ағайын көп жиналды. Айта кеткен жөн, Жамбыл облысы - «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолындағы 24-нші станса. Осы уақытқа дейін әр аймақта мамандар 50 мыңға жуық тұрғынмен кездескен. Оның ішінде 8,5 мың адамға медициналық көмек көрсетілсе, алты мың жанның түрлі түйткілді мәселелерін шешуге әрекет жасалды.

Гүлсара Шажалиева, қала тұрғыны:

- Бірінші кезекте жүрек ауруы мен қан қысымыма керек еді, естігеннен кейін жүгіріп, үлгерейін деп, ол кісіге келіп қаралдым. Қолы жете алмай жүрген басқа аудандардан да келіп жатыр бізге, сол кісілерге көп жерлерде арнайы маман болмағандықтан, осындай дәрігерлер келіп тұрса, көп халық келіп қаралып жатыр.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб басшысы:

- Пойызымыздың әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлетінінің дәлелі 7 министрлік пен 3 ұлттық компанияның білікті мамандары, басшылары бізбен бірге келеді. Ол кәсіпкерлік мәселесі, оқу білім мәселесі, бұл экономика, заң, министрліктердің негізгі мамандары ауылда, елде шешілмеген, жекелген мәселелерді болса, сол мәселелерді шешіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы