476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан туы Антарктиданың ең биік шыңында желбіремек

  • 1628

Қазақстан туы Антарктиданың ең биік шыңына тігіледі.

7 адамнан жасақталған арнайы экспедиция өткен түні Оңтүстік полюске аттанып кетті. Топ құрамында жас ғалымдар, спортшылар және осы сапар жөнінде деректі фильм түсіретін таспагерлер бар. Бұл құрлықта экспедиция мүшелері экология, биология салалары бойынша зерттеу жүргізіп, Антарктида табиғатының адам физиологиясына әсері туралы танып-біледі. 16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздігі күні теңіз деңгейінен 4892 метр биіктегі Винсон шыңында еліміздің көк байрағы желбірейді. Экспедицияға қатысушылар «Юнион Глетчер» атты америкалық станцияға табан тірейді. Экспедиция сапары 40 күнге жоспарланған.

Төлеген Тастанбеков, Қазақ география қоғамы төралқасының төрағасы:

- Бұл экспедиция Антарктиданың ең биік шыңы – Винсон шыңына 16 желтоқсан күні Қазақстан туы қойылады. 200 шақырымнан артық жерді біздің жігіттер жүріп өтеді. Сонымен қатар және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы