Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы оңтүстікте

  • 753

Бабалар аңсаған азаттықтың ақ таңын насихаттап жүрген «Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік пойыз оңтүстікке келіп жетті.

25-ші стансаға аялдаған пойыздағы түрлі сала өкілдері осы аралықта 55 мыңдай жанның мұң-мұқтажын тыңдап, қол ұшын созған. 7 министірлік пен 3 ұлттық компания өкілдері жергілікті халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Көптің көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Аудандық емханада бір мезгілде 70 тәжірибелі маман тұрғындарға тегін медициналық кеңес берді. Дәрігерлер жолда өткерген күндерінде 9 мыңнан астам науқасқа көмек көрсеткен. Халқымыздың ырыс-ынтымағы мен мызғымас бірлігін дәріптеп жүрген пойыз енді Түркістан қаласына да аялдамақ. 

Мәдібек Жолшыбаев, Түлкібас ауданының тұрғыны:

- Асқазаным ауырып келіп еді. Көп дәрі жазып берді. «Қорқатын ештеңе жоқ», - дейді.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб басшысы: 

- 7 мың адамды біз жеке өздерінің мәселесімен қабылдаған болатынбыз. Соның 6,5 мыңын жергілікті әкімдікпен біріге отырып шештік. Құжат материалдарды, сұрақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы жинап, Президент әкімшілігіне жеткізіп отыр. Сол Президент әкімшілігі арқылы Үкіметке бұл мәселелердің барлығы түседі, министрліктерге түседі.

Хабар 24 телеарнасы