426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Саясаткер: Қазақстан - Орталық Азиядағы даму мен тұрақтылықтың негізі

  • 840

Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы ғана емес, сонымен бірге, даму мен тұрақтылықтың негізі.

Бұл поляк саясаткерлерінің пікірі. Сенат Вице-спикері Адам Белянның айтуынша, тәуелсіздік алғаннан кейін 25 жылдың ішінде біздің ел алдына қойған маңызды мақсаттарды орындап, үлкен жетістіктерге жеткен. Қазір Қазақстан Польша үшін аймақтағы сенімді дос, берік одақтас әрі әріптес. «Сондықтан Польша Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасын нығайта беруге ниетті» - дейді саясаткер.

Адам Белян, Польша Сенатының вице-спикері:

- Польша мен Қазақстанның қарым-қатынасы ерекше. Біріншіден, қазақ жерінде поляктардың үлкен диаспорасы тұрады. Екіншіден, бізді тығыз экономикалық байланысымыз біріктіріп отыр. Қазақстан - Орталық Азиядағы көсбасшы ел. Польша болса Шығыс Еуропада көшбасшы болғысы келеді. Сондықтан біздің елдердің мүддесі мен мақсаты бір. Мен бүкіл поляк халқының және Сенат палатасының атынан қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз сіздердің жетістіктеріңізге қуаныштымыз және болашақта экономикалық даму мен білім және мәдениет саласында үлкен табыстарға жететіндеріңізге кәміл сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы