419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалық жастар Тәуелсіздік күніне флешмоб ұйымдастырды

  • 1719

Тәуелсіздік мерекесіне қызылордалық жастар да үлес қосты.

Бүгін 100-ге жуық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері ерекше акция өткізді. Қаладағы зәулім спорт кешеніне жиналған олар «Біз тәуелсізбіз!» деп айдар таққан флешмобқа қатысты. Бірыңғай ақ жейде киген жастар тізіліп, 25 санын құрады. Сонымен қатар өнерлі өрендер ортаға шығып, патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындады.

Дүлдүл Руслан, Абылай хан атындағы колледж директоры:

- Флешмоб акциясының негізгі мақсаты – жастардың, жалпы білім алушылардың Отанына деген, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, баулу. Және осы білім алушылардың, жалпы халықтың бірлігіне үлес қосады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы