420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте болашақ педагогтар ерекше флешмоб ұйымдастырды

  • 603

Шымкентте болашақ педагогтар ерекше флешмоб ұйымдастарды.

Қаладағы іргелі оқу орнының 200 студенті қаз-қатар тұрып, «25» саны мен оңтүстіктің таңбасына айналған «ОN» деген жазу құрастырды. Спорт алаңына шыққан жастар осылайша біріккенде ғана талай асуларды бағындыруға болатынын тағы бір дәлелдеді. Азат елдің арманшыл ұрпағы Қазақстан «Мәңгілік ел» атануы үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді. Көпшілікті тұғыры биік тәуелсіздікті қастерлеп, жастарымызды білімді болуға шақырды.

Ғалия Исамет, ОҚМПИ студенті:

- Өзім биология факультетінде оқимын. Алда осы биотехнологияны ары қарай дамытсам деймін. Өз үлесімді қоссам деймін. Нанотехнологияны ары қарай жетілдірсем деймін. 

Хабар 24 телеарнасы