426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдық полицейлер Тәуелсіздік күніне арналған флешмобты қолдады

  • 1167

Петропавлдық полицейлер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерекше флешмоб ұйымдастырды.

Жол сақшылары қас қарая қызметтік көліктерінің шамын жағып, сол арқылы ашық аспан астында 25 санын бейнеледі. Сонымен қатар құқық қорғау қызметіндегі Тәуелсіздіктің құрдастары қолдарына Қазақстанның туы түстес шарлар алып, бір уақытта көкке ұшырды. Бүгінде облыстық ішкі істер департаментінде еліміз азаттық алған жылы дүние есігін ашқан 80-нен астам адам еңбек етеді.

Мереке Рашев, Қалалық ІІБ учаскелік инспекторы:

- Мен еліміздің Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келдім. Осы елімізбен бірге есейіп, осы күнге дейін ер жетіп жатырмын. Осындай мерекеге өз үлестерімізді қосып жатырмыз. ҚР азаматтарының тыныштығын сақтап, олардың құқықтары мен бостандығын қорғап атсалысамыз. 

Хабар 24 телеарнасы