427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбылдық белсенді жастар барша жұртшылықты тәуелсіздік ұғымын қастерлеуге шақырды

  • 538

Жамбылдық белсенді жастар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі күні жақындаған сайын флешмоб өткізуді жиілете түсті.

Бұл жолы студент жастар шараны «Зияткерлік ұлт» деген атпен өткізді. 300-ге жуық қыз-жігіттер қолдарына ту алып, 25 санын үйлесімділікпен құрастырды. Отан, туған жер, атамекен туралы ән шырқап, барша жұртшылықты тәуелсіздік ұғымын қастерлеуге шақырды. Олар шараны ұйымдастыру үшін екі апта уақыт дайындалған. Қазір мерекеге арнап, тағы бірнеше флешмоб өткізуді жоспарлап отыр.

Жанар Орынбаева, Жамбыл политехникалық колледж директоры:

- Бүгінгі іс-шараның да мақсаты – жастарымыздың болашаққа, тәуелсіз еліміздің тұғырын ары қарай нығайтуға, лайықты болып өсуіне жан-жақты жағдайлар жасау. Өз елін сүйетін, рухы жоғары мәңгілік ел құндылықтарын қастерлейтін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. 

Хабар 24 телеарнасы