423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда 80 отбасына пәтер кілттері табыс етілді

  • 853

Баспаналы болғандар негізінен ардагерлер, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және ұзақ жылдар бойы кезек күткен жандар.

«Арай» мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үй мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған.

Айта кеткен жөн, дәл осы жобамен алдағы 2 жылда өңірде 400-ге жуық отбасына үй беру жоспарланып отыр. Тек биылдың өзінде шаһар бойынша 107,6 мың шаршы метр баспана бой көтерген.

Нұржан Қондыбаев, қала тұрғыны:

- Отбасымызға үлкен қуаныш көптен күткен. Мына 25 жылдық мерейтойға қарай үлкен бізге сый беріп жатыр. Үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Ол тұрғын үй-коммуналдық мекеме есебінен осы пәтерімізге бәріміз қуанышпен кіріп отырмыз.

Нұржан Календеров, Тараз қаласының әкімі:

- Мемлекеттік бағдарлама арқылы көппәтерлі тұрғын үйлердан биылғы жылы үш үй қабылдап алдық. Қазіргі таңда ол массивте өздеріңіз көріп отырғандай, тағы 12 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 6-ы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»арқылы, алтауы «Бәйтерек девелопмент» арқылы. 

Хабар 24 телеарнасы