418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінде Ашық есік күні ұйымдастырылды

  • 1118

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Тәуелсіздік мерекесіне орай Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Бұл күні қала мен шалғай ауылдардан келген 260 оқушыға танымдық экскурсия жасалып, түрлі шаралар қолға алынды. Арнайы олимпиадада топ жарған 5 оқушыға ЕХРО-2017 көрмесіне қатысу сертификаты және Астана қаласы Назарбаев зияткерлік мектептері жанындағы 5 күндік жазғы лагерьге жолдама табысталды. Осы акцияға қажетті қаражат зияткерлік мектеп оқушылары ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкелері мен көрмелерден жиналған.

Ашылғанына 7 жыл болған бұл білім ордасында 700-ге жуық бала оқиды. 130-дан астам оқушы түрлі деңгейдегі олимпиадаларда топ жарса, түлектердің барлығы еліміз бен шетелдің үздік оқу орындарында білім алып жүр.

Бағдан Қайыржанов, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

- ЕХРО бағытында да бірталай жұмыс атқарып отырмыз. Нақтылы айтатын болсақ, біздің Ибраев Тенгиз деген баламыз, Тұманбаева Әлия деген баламыз осы тақырыпқа байланысты атом реакторының энергиясын үнемдеу, оның шығынын үнемдеу туралы жақсы жоба жасады. Ол республикалық деңгейде атап өтілген. Сонымен қатар, бірнеше жоба бар, оларды әлі де балалар дамытып жатыр.

Әйгерім Аянова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Бұл іс-шара барысында мектеп бойынша экскурсия жүргізілді және де мектеп өмірінің қалай өтетіні жайлы көбірек ақпарат бердік. Химия, физика және әртүрлі пәндер бойынша экспериментіміздің қандай болатыны жайлы да олар көбірек ақпарат алды деп есептеймін. Осы тәуелсіздіктің арқасында біз шетелге де шыға аламыз. Әртүрлі жобалар да жасай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы