426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай балабақша ашылды

  • 510

Петропавл қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тағы бір балабақша ашылды.

Жоба «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асып отыр. Кәсіпкер нысан құрылысына өз қаржысынан 420 млн теңге жұмсаған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің табалдырығын осы ауданда тұратын 200 бала аттады. Оларға 27 мұғалім тәлім-тәрбие береді. Жалпы облыс орталығында іскер азаматтардың көмегімен 17 бөбекжай ашылған. Қазіргі таңда қала бойынша балабақша кезегінде 10 мыңдай бүлдіршін тұр.

Гүлмира Кәрімова, Қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Алдымызда көптеген мақсат тұр. Осы 2-3 жылдың ішінде балабақша мәселесін жоюға тырысамыз деп ойлаймыз. Басты мәселе мемлекеттік тапсырыспен жеке жұмыс жасайтын адамдар.

Хабар 24 телеарнасы