432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 600 шәкірті «Сарыарқа» флешмобын өткізді

  • 847

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар ерекше тарту жасады.

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 600 шәкірті ұлы дала елінің өткені, бүгіні мен келешегін айшықтаған флешмоб өткізді. Қазақстанның басты байлығы мызғымас татулығы жас өнерпаздардың биімен көмкерілсе, ал ұлы даланың дархандығы оқушылар мен ата-аналар орындаған «Сарыарқа» күйінен айтпай-ақ, айқын сезіліп тұрды. Жастар егемен елдің ертеңі бірлік пен татулықта ғана баянды боларына сенімді.

Аяна Ерболқызы, оқушы:

- Осынау мерейтойда еліміздің бірлігі, татулығы және достығын көрсетпекшіміз. Біз, жастар, еліміздің болашағымыз. Біздің болашақ – біздің қолымызда.

Хабар 24 телеарнасы