429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 25 мың түп ағаш отырғызылды

  • 1532

Жамбыл облысының Бауыржан Момышұлы ауылында 25 гектар жерге 25 мың түп ағаш отырғызылды.

Бұл игі бастама жыл басынан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылған. Ұйымдастырушылар тағы екі мыңға жуық талды «Құрметті азаматтар» аллеясының ашылу салтанаты кезінде екті. Жаңа кешенде елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан 150-ге тарта азаматтың есімдері жазылған. Олардың ішінде соғыс ардагерлері, академик, спорт, денсаулық және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек еткен елге белгілі тұлғалар бар.

Айта кеткен жөн, аллея мемлекет пен кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде салынды.

Әбілқасым Ергебеков, Жуалы ауданының құрметті азаматы:

- Біздің болашағымыз зор. Өйткені еліміз халыққа, жастарға ерекше мән беріп отыр. Егеменді еліміздің 25 жылдығы құтты болсын. Еліміз мәңгілік болсын.

Бахтияр Көпбосынов, Жуалы ауданының әкімі:

- Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолында ел көретіндей, жұрт көретіндей жерге орналастырдық. Бұл жас ұрпаққа деген үлкен өнеге. Үлгі. Ертең олар да осы Тәуелсіздігіміздің тұғырын әрі қарай биік ұстап, елімізге қызмет етіп, осындай құрметке ие болуына тілек білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы