424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да оңалту орталығы мен мектеп-интернат пайдалануға берілді

  • 1292

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысында 15 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылған.

Ерекше қамқорлыққа зәру балалар да мемлекет назарында. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірде тағы бір оңалту орталығы мен мектеп-интернат пайдалануға берілді.

Өскеменде ашылған «Ақ ниет» мектеп-интернаты мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ерекше тарту, үлкен сый болды. 100 орынға шақталған арнайы білім беру мекемесі барлық талаптарға сай жабдықталған. Бастысы, мұндағы балалар тек білім алып, денсаулығын түзеп қана қоймай, белгілі бір мамандық иесі атанып шығады.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Мынау арнайы мектеп. Елімізде мұндай мектеп жоқ. Біздің балаларымыз тек қана оқымай, болашақты ойлап, ертең осы жерде маман болып шығады.

Болашағына үмітпен қарайтын бүлдіршіндердің арманы асқақ. Мемлекеттің осындай қамқорлығына кембағал балалардың ата-аналары да дән риза.

Әсемгүл Кетшубаева, ата-ана:

- Сал ауруына шалдыққан балалар көп. Осында жақсы жаттықтыратын жабдықтар бар. Өте қуаныштымыз.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Зырян ауданында оңалту орталығы ашылды. Жобаға қазынадан 432 млн теңге бөлінген. Орталықта облыстың түкпір-түкпірінен келген 80 ересек адамға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ғалымбек Мырзағалиев, ем алушы:

- Мына жердегі қызметкерлердің көбі жастар екен. Жастарға сенеміз. Біздің орнымызды осындай жастар басып жатыр. Соларға да рақмет айтамыз. Оңалуға келген мүгедектер, қарттардың бәрі құлан-таза жазылып кетсін.

Ал, дәрігерлер оңалту орталығындағы заманауи құралдар қарияның үмітін оятып, ертеңгі күніне сенім сыйлайды дейді. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы