420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың артуына жол ашады

  • 732

Елорда төрінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің болашағын бағамдап, даму мүмкіндіктерін саралады.

«2050 жылы еліміз ең дамыған 30 елдің қатарынан ойып орын алмақ. Орта санаттағы адамдардың үлес салмағы артып, шағын және орта бизнес ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын қамтамасыз ететін болады», - деді Президент. Бұл бағыттағы іс-қимыл Ұлт жоспарында көрініс тапқан. Еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың артуына жол ашады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 300-ден астам жаңа инновациялық кәсіпорын салынады. Нәтижесінде, 2050 жылға дейін 2 миллионға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жарқын жетістіктер жалғасын табатынын айтты. Келер жылдан бастап әлеуметтік салада болатын, оң өзгерістер елдің кемел келешекке сенімін нығайта түсті», - дейді салтанатты жиынды ұжым болып тамашалаған оралдықтар.

Қазыбай Бозымов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:

- Елбасы жаңа ғана айтып кетті, бұл біздің зейнеткерлеріміз келесі жылдан бастап 20 пайызға олардың зейнетақысының көбеюі. Сонымен қатар, болашағымыз жастарда деп, егерде біздің Қазақстан 2050 жылға дейін 20 миллионға дамитын болса, бүгін Елбасы айтып кетті, дүниеге келген сәбилерді қолдау үшін тағы да 2017 жылдан бастап 20 пайызға көбейеді деп. Қуаныш көп.

Гүлназ Құлжанова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Бағдарламада айтылған мәселелердің көпшілігі жеделдетілген мерзімде, яғни 15 жыл ішінде толықтай орындалып отыр. Бұл ана мен бала өлімінің азаюы, «Таза ауыз су» бағдарламасы және өзге де әлеуметтік мәнге ие бағдарламалар. Қазіргі таңда Президент елдің алдағы дамуына байланысты нақты міндеттер қойып отыр.

Хабар 24 телеарнасы