420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жастардың патриоттық форумы өтті

  • 918

Оралда белсенді жастар «Тәуелсіздік тұғырым!» атты патриоттық форумда бас қосты.

Атқарылған іс аз емес, алдағы жоспарымыз одан да ауқымды, - дейді жастар ұйымдарының жетекшілері. Өңірдегі экономикалық белсенді жастардың 96 пайызы жұмыспен қамтылған. Биыл 3 жарым мыңдай жас тұрақты жұмысқа орналасты. Дәрігер, спортшы, педагог, инженер мамандар мен ғылым жолында жүрген жастардың жетістіктері қуантарлық. Патриоттық форум барысында өзгелерге өнеге бола білген белсенді жастар өз ойларын ортаға салды.

Әлфия Жақсығалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәрбие бөлімінің жетекшісі:

- Қазіргі жастардың мүмкіншіліктері өте кең. Неге десеңіз, оқимын десе, бизнеспен айналысамын десе, өзінің жеке кәсібін дамытамын десе мемлекет тарапынан жасалып отырған әлеуметтік лифтлер өте көп.

Аян Сақошев, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Негізгі мақсаты ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту. Жастардың басын қосып, осы жетістікке жеткен жастарды, белсенді жастардың басын қосып, үлкен мейрам қарсаңында ой-пікірін ортаға салу болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы