431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуелсіздік – тәтті ұғым

  • 963

Петропавл қаласында мерекеге орай грузин этномәдени орталығы ашылды.

Бұл – осымен облыста құрылған 25-бірлестік. Мейрамға барлық ұлт ұйымшылдықпен атсалысып, той-думанның шырайын аша түсті. Әр ұлт өкілі өз ана тілінде Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Бүгін Солтүстік Қазақстанда сары аяз сақылдап тұр. Таңертең сынап бағанасы -30 градусқа дейін түсіп кетті. Соған қарамастан орталық алаңға ағылған ағайынның қарасы қалың.

Мұнда оларға «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өнер ұжымдары ән мен жырдан шашу шашып, көпшіліктің көңілін көтерді. Ал Қазақстан халқы Ассамблясының мүшелері достық дастарқанын жайды. Қазақ, орыс, татар, өзбек, тәжік, украин және тағы басқа ұлттар өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, дәм татқызды. Осы жолы олардың қатарына грузиндер де қосылды. Бірлігі мен берекесі жарасқан жұрт мәре-сәре. Бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы облыс бойынша сән-салтанатымен тойланып жатыр. Мерекелік шаралар әр ауданда ұйымдастырылған. Ал Петропавлдағы думан кешкісін концерттік бағдарламаға ұласып, отшашу атылады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев және Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы