424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбітшілікті қолдауда Қазақстанның рөлі зор

  • 575

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, әлемдік қауымдастықта маңызды рөл атқара бастады.

Корея Республикасының бірігу жөніндегі министрі Хонг Йонг Пё осылай дейді. Елімізде екі мәрте болған министр көркейіп, алға басқан Қазақстаннның жетістіктеріне таңданады. Оның айтуынша, елдің дамуына ядролық қарусыз саясат себеп болды және дамудың бұл жолы әлемдік қауымдастыққа үлгі болып, Корей түбегіндегі қауіпсіздік мәселесін шешуге көмектеседі. Министр Хонг қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, қазақ-корей қарым-қатынасының бекіп, еліміздің дами беруіне тілектестік білдірді.

Хонг Йонг Пё, Корея Республикасының бірігу жөнінен министрі:

- Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуын осы елдің ең маңызды жетістігі деп білемін. Бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттері мен табандылығының едәуір рөл атқарғаны сөзсіз. Мен Астанада өткен антиядролық конференцияға қатысқан кезде президент Назарбаевтың бүкіл әлемді ядролық қарудан ада еткісі келетіні таңқалдырды. Қазақстан жер жаһанда бейбітшілікті қолдауда басты рөл атқарады. 

Авторы: В.Цой

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы