465,08 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Вацлав Клаус: Қазақстан халқына ширек ғасырдан кейін де жетістікке толы жылдар тілеймін

  • 858

Қазақстан халқын еліміздің мерейлі мерекесімен шетелдік саясаткерлер құттықтап жатыр.

Олардың ішінде Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаус та бар. Саясаткер елімізде болып, достар тапқанын әркез мақтанышпен айтады. Әсіресе, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен достығын ерекше қадір тұтады. Клаус мемлекетіміздің даму бағытын әрдайым қадағалап отыратынын айтады және Орталық Азия елдері арасында тұрақтылықты сақтап келе жатқанына қуанады. Ол сондай-ақ Қазақстанның өзге елдерге үлгі боларлықтай қасиеттері көп дейді.

Вацлав Клаус, Чехияның бұрынғы президенті /2003-2013/:

- Президент Назарбаевтың ел дамуына қосқаны үлесі ерекше. Мемлекет басшысына және барша Қазақстан халқына ширек ғасырдан кейін де жетістікке толы жылдарды тілегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы