424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бәйтерек» монументінің жанында мерекелік концерт ұйымдастырылды

  • 845

Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай елордамыздағы «Бәйтерек» монументінің жанында мерекелік концерт өтті.

Халықты танымал эстрада жұлдыздары айтулы мерекемен құттықтап, ән шырқады. Айта кетейік, бірер сағаттан кейін мерекелік отшашу басталады. Биыл отшашу қаланың бірнеше ауданында ұйымдастырылмақ. Жұртшылық таң-тамаша көріністерді Есіл өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында және «Хан-Шатыр» сауда орталығының жанында тамашалай алады.

Хабар 24 телеарнасы